01 қазан 2022 08:34

Астана тұрғындарына терроризмге қарсы жаттығулар өткізу туралы ескертілді

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Астанада сенбі, 1 қазан күні "ВИРАЖ-2022" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.


Астанада сенбі, 1 қазан күні "ВИРАЖ-2022" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Іс-шара 10.00-ден 12.00-ге дейін құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оқу орталығының аумағында (АН64 айналма жолы, автобазардың артқы жағында) өтеді.

Іс-шараның мақсаты - түрлі дағдарыстық жағдайға, оның ішінде террористік көріністермен бірге әрекет ету жөніндегі міндеттерді орындауға күш пен құралдардың дайындығын тексеру.

Жаттығу түрлі қиын элементімен жауынгерлік жағдайлардағыдай өтеді.

Оқу-жаттығу шеңберінде автокөлік құралдарының қозғалысын, сондай-ақ, әскери техниканың, оның ішінде AN64 айналма жолының қозғалысын шектеу жөніндегі шаралар көзделген.

Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети