30 қараша 2024 | 14:09

Астанада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
facebook.com/astanapark.kz facebook.com/astanapark.kz

Астанада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әкімдігі мәліметінше, мына адамдар автотұрақты тегін пайдалана алады:

- "Алтын қыран" және "Халық қаһарманы" ордендерімен марапатталған тұлғаларға тіркелген көлік құралдары;

- "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, I, II және III дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға тіркелген көлік құралдары;

- әскери қызметтен босатылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстанда және басқа да әскери іс-қимылдар жүргізілген басқа елдерде интернационалдық борышын орындаған, осы көлік құралдарын жүргізетін не осы көлік құралдарында жүрген азаматтарға тіркелген көлік құралдары;

- мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдарға, сондай-ақ, мүгедек баланың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары;

- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға тіркелген көлік құралдары;

- тиісті тану белгілері, түсті-графикалық бояуы және жазулары бар шұғыл жедел қызметтердің (жедел медициналық көмек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті) көлік құралдары;

- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, ҰОС кезеңінде әрекет етуші армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, сондай-ақ, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға тіркелген көлік құралдары.

Азаматтардың жеңілдетілген санаттары онлайн режимінде мына сілтеме бойынша өтініш бере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer