25 мамыр 2020 10:08

Бүгіннен бастап Алматыда қандай нысандар жұмысын бастайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда бүгін, 25 мамырдан бастап кей қоғамдық тамақтану орындары, ХҚКО-лар, мәдени орындар, сауда үйлері мен сауда орталықтары жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда бүгін, 25 мамырдан бастап кей қоғамдық тамақтану орындары, ХҚКО-лар, мәдени орындар, сауда үйлері мен сауда орталықтары жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді бүгіннен бастап алматылықтар кафе мен мейрамханаларға бара алады. Қоғамдық тамақтанудың 3100 нысаны бүгін жұмысын бастады. Бірақ әзірше той-томалақтар өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, аумағы 500 шаршы метрден асатын нысандардың жұмысты бастағаны айтылады.

Бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазалау орындары ашылды.

Бұдан бөлек, 16 ХҚКО өз жұмысын бастады. Әзірше 1500 қызметкер жұмысқа шығады. Қалада 393 қонақүйдің жұмысы қайта жанданды. Алайда ондағы спа, бассейндер мен жаттығу залдары жұмыс істемейді. Хостельдер әзірше ашылмайды.

Базардағы саудагерлерге де бүгіннен бастап жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Азық-түліктік емес базарлар 1 маусымда ғана ашылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети