18 мамыр 2020 12:23

ДДҰ коронавируспен күрестегі ең көп қолданылатын шараның керексіз екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бөлмені аэрозольмен дезинфекциялаудың коронавируспен күресте тиімсіз әрі пайдасы екенін және денсаулыққа зияны көп екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ұйымның баяндамасында айтылады.

Құжатта кеңселерге, бөлмелерге дезинфекциялау құралдарын шашу кезінде көзге, теріге және тыныс алу органдарына зақым келуі мүмкін екені айтылады.

"Еш жағдайда дезинфекциялау құралдарын шашуға болмайды. Ол адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін және ол вирустың ауа тамшылары арқылы тарауына кедергі келтіре алмайды", - делінген баяндамада.

Оның орнына, ДДҰ мамандары кеңселер мен бөлмелерді дезинфекциялау құралы араласқан қарапайым шүберекпен сүртіп шығуға кеңес береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети