1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар

Динара Щеглова жаңа қызметке тағайындалды

Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Щеглова Динара Ринатқызы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған. 2004 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "менеджмент" мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ экономика,  қаржы және халықаралық сауда университетін "ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 

Түрлі жылдары коммерциялық салаларда еңбек етті. 

2011 жылдан бастап "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ-ында Инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері қызметінде істей бастады, кейіннен Сервистік ақпараттандыру моделі департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. 2017 жылы "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды, кейіннен холдингтің басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып еңбек етті. 2019 жылдан қазірге дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.


 "Абайға бет бұру..."