20 қаңтар 2024 16:42

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған кадр видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында полиция халықаралық іздеуде жүрген гастролер-ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында полиция халықаралық іздеуде жүрген гастролер-ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 қаңтар Қарағанды және Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы күдікті ұсталды. Ұсталған азамат Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

Тергеу әрекеттері барысында азамат Қарағанды қаласында жасаған үш қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети