“Ирония судьбы“, “Афоня“ фильмдерінің жұлдызы Валентина Талызина қайтыс болды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ТАСС ТАСС

21 маусымда Мәскеуде Ресейдің халық әртісі Валентина Талызина 90 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Моссовет театрына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

21 маусымда Мәскеуде Ресейдің халық әртісі Валентина Талызина 90 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Моссовет театрына сілтеме жасап.

"Көрнекті актриса, театр мен кино жұлдызы, миллиондаған көрерменнің сүйіктісі Валентина Талызина бүкіл өмірін өнерге арнады. Ұзақ шығармашылық жолында Валентина Илларионовна Моссовет театрында 40-тан аса басты рөл, ал кино мен телефильмдерде 100-ге жуық рөл сомдап, бірнеше буын көрерменнің жүрегінен орын тапты", – делінген театрдың Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

"Валентина Илларионовнаның дүниеден өтуі – Ресей өнері үшін орны толмас ауыр қаза, ал театр ұжымымыз үшін үлкен қасірет", – деп мәлімдеді театр ұжымы және марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты.

SHOT Telegram-арнасының мәліметінше, Талызинаның өліміне онкологиялық ауру себеп болған.

"Оның жағдайы биыл көктемде нашарлай бастады. Наурызда ол қатты жүрек айнуы мен дене ауыруына шағымданып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оған ұйқыбездің қатерлі ісігі (рак поджелудочной железы) диагнозын қойған", – деп жазды арна.

Валентина Талызина 1935 жылы 22 қаңтарда Омбы қаласында дүниеге келген. 1968 жылы ГИТИС-ті (Театр өнері институты) тәмамдағаннан кейін, Моссовет театрына қабылданған. Ол өмірінің аяғына дейін театрдың жетекші актрисаларының бірі болды.

Актрисаға кең танымалдық әкелген кинотуындылар қатарында:
"Афоня", "Зигзаг удачи", "Ирония судьбы, или С легким паром", "Культпоход в театр", "Невероятные приключение итальянцев в России", "Гостья из будущего" және тағы басқа фильмдер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer