1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар

Жамбыл облысында шектеулер енгізіледі

Сурет: akorda.kz Сурет: akorda.kz

2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қордай ауданы мен Жамбыл облысында шектеу шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Облыста мынадай шаралар енгізіледі:

1) Барлық көлік түріне және азаматтарға Жамбыл облысы мен Тараз қаласының аумағына (аумағынан) келуіне және шығуына тыйым салу, оған транзиттік автокөлік, сондай-ақ, азық-түлік тауарлары бар автокөлік жатпайды.

2) Ірі сауда орталықтарының қызметі уақытша тоқтатылады

3) Бөлшек сауда базарлары санитарлық-дезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді

4) Көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік сауда орындары, үй жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады

5) Қоғамдық тамақтану объектілері жеткізу режиміне өтеді

6) Жамбыл облысының тұрғындарына аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес беріледі

7) Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге болмайды. Кәмелетке толмағандардың ересек адамсыз жүруіне тыйым салынады.  65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау қажет;

8) облыс тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін полицейлердің, медициналық, авариялық-құтқару және басқа да коммуналдық және шұғыл қызметтердің (жылумен-газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика және т.б.) қызметі шектелмейді.

Сонымен қатар, Қордай ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның бұған дейін анықталған жағдайларына байланысты қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

1) Төмендегі жағдайларды қоспағанда, Қордай ауданының елді мекендері арасында халықтың, оның ішінде қоғамдық көліктің қозғалуын 22.00 сағаттан 7.00 сағатқа дейін шектеу:

- жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған кезде ғана тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;

- шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге жүгіну;

- үй малын жаю;

- күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда үйден шығу;

2) аудан тұрғындарына туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне және т. б. баруға жол берілмейді;

3) шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде транзиттік жүк автокөліктерін, сондай-ақ Жамбыл облысының өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар, өндірістік тауарлар және материалдары бар автокөлікті қоспағанда, автокөліктің барлық түрлерінің сағат 19.00-ден 10.00-ге дейін кіруіне тыйым салынады;

4) коронавирустық инфекцияның болуына қатысты зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағына келетін азаматтарды бір күндік стационарлық карантинге міндетті түрде орналастыру енгізіледі.

5) сондай-ақ ауданда қоғамдық көлік пен такси қозғалысы шектеледі;

6) Қордай ауданының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдаларды қоспағанда  сағат 19:00-ден 7:00-ге дейін автокөлік құралдарының кіруіне және шығуына шектеу енгізіледі:

- транзиттік жүк автокөлігі, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бар жүк автокөлігі және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметтері;

- шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге шығу;

- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін жүріп-тұру және кері қайту жағдайында жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігінің болуы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!