11 қараша 2024 | 19:25

Жамбылда жол жөндеу жұмыстары жанданып келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Жергілікті жолдардың сапасы мен қол жетімділігі ел экономикасының жандануына үлкен септігін тигізетіні анық. Инфрақұрылым дамыса, жолаушылар мен тауарлар бір жерден екінші жерге өз уақытында жеткізіледі, қауіпсіз әрі талапқа сай жөндеуден өткен жолмен тұрғындардың жүріп-тұруы да жеңілдейді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жергілікті жолдардың сапасы мен қол жетімділігі ел экономикасының жандануына үлкен септігін тигізетіні анық. Инфрақұрылым дамыса, жолаушылар мен тауарлар бір жерден екінші жерге өз уақытында жеткізіледі, қауіпсіз әрі талапқа сай жөндеуден өткен жолмен тұрғындардың жүріп-тұруы да жеңілдейді.

Бүгінгі таңда автожолдардың сапасыздығы салдарынан көптеген келеңсіз жайттар туындауда. Осыған орай жол құрылысы жоғары дәрежеде жасалар болса көлік қозғалысы кезінде болатын апаттар саны азаятыны сөзсіз. Дегенмен бұл тұрғыда өңірімізде айтарлықтай шаруалар атқарылуда. Мысалы, облыста жалпы ұзындығы 10 084 шақырымды құрайтын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелері жөнделуде.

2024 жылғы соңғы бюджет нақтылауын қосқанда, биыл жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 25,5 миллиард теңге бөлінген. Бөлінген қаражат есебінен 16,5 шақырым көше жолдары, 1 көпірдің құрылысы мен 3 шақырым жолды қайта жаңғыртудан өткізу және 671 шақырым жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл барлығы 357 жол жөндеу жобалары іске асырылып, 690,5 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеумен қамтылуда. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің айтуынша, жол жөндеу жобалары бірқатар бағдарлама аясында іске асырылуда.

Мысалы, "ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы" аясында облыстық және аудандық мәні бар жолдар бойынша 34 жоба, яғни 164,2 шақырым жол 6,3 миллиард теңге есебінде жөнделуде. "Ауыл – ел бесігі" жобасы бойынша 6,2 миллиард теңгеге 170 жоба аясында 203 шақырым жол жөндеуден өтуде.

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы арқылы 5 жоба жүзеге асырылса, 2,6 миллиард теңгеге 18,3 шақырым жөнделіп, 1,8 шақырым жол жаңғыртудан өтіп, 16,5 шақырым жол салынып жатыр. «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша да 3 жоба қолға алынып, 1,2 шақырым жол 0,2 миллиард теңгеге жөнделуде. Жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылып жатқан 145 жоба аясында 303,8 шақырым жол жөнделіп жатса, оған 7,9 миллиард теңге қаралған.

Бөлінген қаржының 2,3 миллиарды жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталған. Сол арқылы 113 874 шаршы метр шұңқыр жамалған. 385 текше метр жол жамылғысындағы толқынды жерлер қалпына келтірілген. Жоспар бойынша 1 761 жаңа жол белгісі орнатылып және ауыстырылып жатса, жол бойына 301 белгі беру бағаны қойылуда. Көлік екпінін бәсеңдету үшін 591 қума метр жасанды тегіссіздік орнатылыпты. 3 817 шақырым жолдың жүріс бөлігі таңбаланса, 101 шаршы метр шулы жолақтар орнатылған. 256 гектарды құрайтын өртке қарсы минералданған жолақтар жыртылған.

2024 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99 пайызға жеткізу көзделген. Ал жол сапасының жақсысы – 65, қанағаттанарлығы 34 пайызға жеткізілмек. Елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 87 пайызға, жақсысын 67 пайызға, қанағаттанарлығын 20 пайызға жеткізу межеленіпті. Бүгінде жол жөндеу бойынша 357 жобаның 252-сінде жөндеу жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, 505,4 шақырым ел игілігіне ұсынылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жамбыл облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Жетісу облысына барды
Мұнай бағасы өсіп жатыр
Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 522.8  course up  545.93  course up  5.05  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer