22 маусым 2024 14:05

Жастар – нашақорлыққа қарсы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, "Abyz GYM" жаттығу орталығының қолдауымен 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай "Dostyq cup" атты спорттық сайыс өтті.


Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, "Abyz GYM" жаттығу орталығының қолдауымен 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай "Dostyq cup" атты спорттық сайыс өтті.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараға 14-35 жас аралығындағы қала жастары қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артыгалин және "Аbyz gym" жаттығу орталығының басшысы, Бодибилдингтен спорт шебері, Орталық Азия чемпионы - Абдулахат Асенов сөз сөйлеп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жарыстардың маңыздылығын атап өтіп, жастарға сәттілік тіледі.

Шараға қала жастары алдын ала тіркеліп, өздері қалаған спорт түрлеріне қарай бөлінді.

Сайыста қала жастары спорттың 4 түрінен бақ сынасты.

1. Белтемірге тартылу;
2. Қол күрес;
3. Жерден көтерілу (отжимания);
4. Брусья;

"Спорт - нашақорлыққа қарсы. Нашақорлықпен күресуде спорт пен дене шынықтырудың маңыздылығы зор. Спорт салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Қала жастарын салауатты өмір салтына баулуда мұндай іс-шаралар қалалық жастар ресурстық орталығы тарапынан үнемі ұйымдастырылып келеді", - деді орталық басшысы Самғат Артығалин.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар:

Белтемірге тартылу:

І орын - Қанат Кульметенов;
ІІ орын - Мират Кульметенов;
ІІІ орын - Арсен Боканов ;

Қол күрес:

І орын - Мади Өмірзақов;
ІІ орын - Аслан Шәмиев;
ІІІ орын - Исламбек Беготив ;

Жерден көтерілу (отжимания):

І орын - Нұрбек Алибеков;
ІІ орын - Саят Сансызбай;
ІІІ орын - Арсен Боканов;

Брусья:

І орын - Қанат Кульметенов;
ІІ орын - Мират Кульметенов;
ІІІ орын - Диас Реймов, иеленді.

Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар орталық тарапынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Мен адамдарды есірткісіз салауатты өмірге шақырамын. Есірткі – өте қауіпті. Бүгінгі сайысқа інім екеумізде қатыстық. Жарыс өте сәтті өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз! Алдағы уақыттада осындай сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілегіміз бар. Жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз",- деді сайысқа қатысушы Қанат Кульменов.

Шараға 500 тарта қала тұрғындары мен жастары қатысты.

Материал Ақтөбе қаласының әкімдігімен ұсынылған

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 473.16   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети