18 мамыр 2022 09:40

Жазда ауа райы қандай болады? Қазгидромет болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК Қазақстанда жазда ауа райы тұрақсыз болады деп болжайды. Жаңбыр, найзағай және жел күтілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК Қазақстанда жазда ауа райы тұрақсыз болады деп болжайды. Жаңбыр, найзағай және жел күтілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Температура

Консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс бөлігінде ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс бөлігінде нормаға жақын болады.

"Тамыз айында Қазақстанның көптеген облыстарында салқын болады. Температуралық фон климаттық норма шегінде қалады", - делінген хабарламада. 

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады.

"Республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр көп жаууы мүмкін", - дейді синоптиктер. 

Анықтама: маусымдық ауа райы болжамы, қаралып отырған маусым үшін климаттық шамалардан ауытқу (аномалиялар) түрінде (көпжылдық норма) көрсетілген орташаланған метеорологиялық параметрлердің (ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері) сипаттамасын білдіреді.

Қазақстандағы қалалар бойынша ауа райы болжамының картасын мына сілтеме бойынша көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети