18 наурыз 2023 17:27

Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауынан жол апаты жиіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауынан бірнеше жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауынан бірнеше жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кейінгі екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелді. Елді мекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі, рөлге ие бола алмай, көпірден аударылып кетті. Жол апатынан екі адам зардап шекті.

Сонымен бірге Алматы – Өскемен автожолының 361-шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар. Тағы екі зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети