30 қыркүйек 2023 13:38

Қарағанды облысындағы ұшақ апатынан кімнің қаза тапқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Азаматтық авиация комитеті Фото: Азаматтық авиация комитеті

Азаматтық авиаци комитеті Қарағанды облысындағы ұшақ апатынан қаза тапқан пилот туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Азаматтық авиаци комитеті Қарағанды облысындағы ұшақ апатынан қаза тапқан пилот туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Авиациялық оқу-жаттығу орталығы" ЖШС-нің әуе кемесі апатынан 1 097 сағат ұшқан әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы), Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты қаза тапты. Пилоттың 2019 жылғы 28 қарашада берілген CPL (A) №000012 сертификаты болған.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Авиация әкімшілігі ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

ҚР Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF апатына байланысты Операциялық орталықтың шұғыл отырысын өткізді.

Операциялық орталық AAK апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігі мәселелерін талқылады және тергеуге құжаттарды дайындады.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпағанын хабарлаған едік.

Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты.

Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети