09 наурыз 2024 12:31

Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 наурызда патруль инспекторлары Ақжаркен Мұқажан Берік Кеңесовке бір автокөлік тоқтап, жүргізушісі 19 -шы ықшам ауданның қиылысында төтенше жағдай болғанын хабарлаған.

"Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Машина от алып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік",- деді Ақжаркен Мұқажан.

Көлік жүргізуші инсульт алғаны белгілі болды. Оның өмірі өлім ауызында болған. Дәрігерлер қазіргі уақытта азаматтың денсаулығы бір қалыпты екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети