22 наурыз 2023 16:31

Қарағандылық Шыңғысхан Батырхан Наурыз мейрамында қошқарды 110 рет көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда Наурыз мейрамын тойлау кезінде ұлттық ойындардан жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Индустриальная Карагандаға" сілтеме жасап.

Мұнда ерлер кір тасын, тірі қошқарды көтеріп, арқан тартысқа да қатысты. Қошқар көтеру сайысында Шыңғысхан Батырхан жеңімпаз атанды, ол қошқарды 110 рет көтерген. Бұған дейін ол кір көтеру сайысында қазы мен жылқы етін ұтқан.

Осыдан кейін жас жігіт жүре алмай қалған. Тізесі дірілдеп, сөйлеуге шамасы болмаған.

Тағы бір қатысушы, ағадырлық Ниетхан Төлеухан бір минутта 16 келі болатын кір тасын 54 рет көтерді.

Жарыстың барлық жеңімпазы мен жүлдегеріне ет, құрт және тәттілер түріндегі сыйлықтар берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети