“Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды“ - Тоқаев

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды“ - Тоқаев Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүдделі халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүдделі халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сонымен қатар еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтергенін, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болғанын, аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететінін айтты.

"Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз. Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.92   542.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер