Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме? © Тұрар Қазанғапов

Мектептердегі мерекелік іс-шараларға шектеу қойылуы коронавирусқа байланысты емес. Себебі Қазақстанда COVID-2019 анықталған жоқ. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектептердегі мерекелік іс-шараларға шектеу қойылуы коронавирусқа байланысты емес. Себебі Қазақстанда COVID-2019 анықталған жоқ. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ. Сондықтан да карантин жариялап, каникул уақытын өзгертпейміз", - деді Бекшин.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасындағылар коронавирустың алдын алу мақсатында 8 наурыз қарсаңында қоғамдық жерлерге көп бармауға кеңес береді.

Еске салайық,бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды. Сондай-ақ, вирустың Үндістанға жеткені белгілі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети