30 шілде 2023 13:15

Қазақстан Ресейге әскери техниканы неге тасымалдап жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы әлеуметтік желілерге шыққан ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы әлеуметтік желілерге шыққан ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып есептеледі.

Ведомство 2022 жылғы 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын ескертті.

"Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети