02 қараша 2024 | 14:33

Қазақстан шетелдіктер үшін визаның жаңа түрін енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанға келетін саяхатшылар үшін Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға келетін саяхатшылар үшін Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл виза заманауи көшпенділерге - саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режим пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті енгізген 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесін назарға алған.

Neo Nomad визасын алу үшін шетелдік азамат Қазақстаннан тыс жерде тұрақты кірісінің бар екенін дәлелдеуі керек, оның мөлшері айына кемінде 3 000 АҚШ доллары болуы керек. Сонымен қатар негізгі кіріс талаптарынан басқа, шетелдік өтініш берушіден медициналық сақтандыру және соттылығының жоқ екені туралы анықтама талап етіледі.

Виза қашықтан жұмыс істейтін туристерге, яғни бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электронды коммерция сияқты түрлі салаларда қызмет ететін шетелдік азаматтарға арналған. Виза иелерінің бір жылға дейін Қазақстанда тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл шетелдік туристерге Қазақстан мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік берсе, елге экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде.

Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 миллиард теңге болады деп болжанып отыр. Neo Nomad визасын пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды, бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 524.65   550.47   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети