Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов және атом энергетикасының мамандары Шығыс Қазақстан облысындағы "Шығыстүстімет" ЖШС Артемьев шахтасының кеншілермен кездесу өткізді. Басқосудың мақсаты – жуырда өтетін Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты референдумды талқылау.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов және атом энергетикасының мамандары Шығыс Қазақстан облысындағы "Шығыстүстімет" ЖШС Артемьев шахтасының кеншілермен кездесу өткізді. Басқосудың мақсаты – жуырда өтетін Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты референдумды талқылау.
Депутаттар атом энергетикасының басымдықтарына ерекше тоқталды. Олар: тұрақты, әрі сенімді энергия көзі, энергоресурстар импортына тәуелділікті азайту, жаңа жұмыс орындарының құрылуы.
"Қазіргі таңда біздегі көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары әбден ескірді. Алдағы референдумда дауысқа салынатын АЭС құрылысына қатысты бірқатар сұрақтар бар, сол себепті де біз халықпен кездесіп, аталған тақырыпты бірге талқыламақпыз. Үкімет те, Мемлекет басшысы да біздің елдегі энергия тапшылығының мәселесі бір ғана АЭС құрылысымен шешілмейтінін түсінеді. Бірақ бұл жоба алдағы 10 жыл көлемінде жұмыс орнының жетіспеушілігін 25 пайызға дейін азайтуға көмектеседі», - дейді Сенат депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов.
Сонымен қатар, депутаттар кеншілердің АЭС қауіпсіздігі, құрылыстың қоршаған ортаға әсері және аталған жобаның аймақ тұрғындарының өміріне алып келер өзгерістері туралы сұрақтарға жауап берді.
Ядролық қауіпсіздік және ядролық энергетика саласының маманы Виталий Поспелов жыл сайын Қазақстандағы энергия тұтыну көлемі 3 пайызға артып келе жатқанын, қазірдің өзінде қуат тапшылығының бар екенін және болашақта бұл тапшылықтың арта беретініне тоқталды. Сол себепті де балама энергия көздерін іздеу мәселесі қарастырылуда.
"Экологиялық тұрғыда АЭС Қазақстан үшін ауадағы зиянды заттардың түзілуін төмендетуге мүмкіндік береді, себебі ол – "жасыл энергия" санатына жатады. АЭС қуаттылығы 1 гВт болғанда ауаға бір жылда тек көмірқышқыл газының 7 миллион тоннасын тарататын жылу электр станциясымен салыстырғанда ешқандай газ шығармайды. Жоғарыда аталған газдан көптеген зиянды қоспалар, соның ішінде радиоактивті заттар да түзіледі. Біздің елде үнемі жаңартылып отыратын энергия көздері де бар, бірақ олардың жұмысы ауа райына тәуелді. Бұл тұрғыда АЭС тұрақты жұмыс істей алатынымен де ұтымды", - дейді маман.
Жиынға қатысушылар бұл өте маңызды мәселеге қатысты әрбір азаматтың пікірін білу үшін де референдум өткізудің маңыздылығын атап өтті.
"Менің жеке ойым – бізге АЭС керек. Себебі бұл – энергетикалық қауіпсіздіктің басты шарттарының бірі. Электр қуатын қашанғы көршілерден сатып ала береміз? Тағы бір маңызды мәселе – АЭС құрылысын сапалы, әрі қауіпсіз жүргізудің жолдары қандай? Ол үшін жұмысқа аталған салада тәжірибесі мол халықаралық компанияларды тарту қажет. Бұл жайт барлығымызды толғандырады. Сол себепті де әрқайсымыз референдумға қатысып, өз ұстанымымызды білдіруге тиіспіз", - дейді Артемьев өндірістік кешенінің техникалық директоры Константин Новохатний.
Дәл осындай кездесулер KAZ Minerals Тобының басқа өндіріс орындарында да өткізілуде.
KAZ Minerals Тобының баспасөз қызметі
KAZ Minerals Тобының суреті
Дайындаған: KAZ Minerals Тобы
Тапсырыс беруші: KAZ Minerals Тобы
KAZ Minerals Тобының қаражатынан төленді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!