04 қараша 2021 14:34

Қазақстандық фильм The Calvert Journal Film Festival-де марапатқа ие болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнен алынған кадр Фильмнен алынған кадр

Режиссер Жаннат Алшанованың "Өркениет тарихы" фильмі The Calvert Journal Film Festival 2021 фестивалінде "үздік қысқаметражды фильм" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Режиссер Жаннат Алшанованың "Өркениет тарихы" фильмі The Calvert Journal Film Festival 2021 фестивалінде "үздік қысқаметражды фильм" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Calvert Journal Film Festival-бұл тәуелсіз режиссерлерге арналған онлайн-фестиваль және платформа, онда олар өз жобаларын кең аудиторияға ұсына алады. Фестиваль 2020 жылы The Calvert Journal халықаралық журналымен құрылды және Шығыс Еуропа, Балқан, Ресей, Кавказ және Орталық Азияның мәдениеті мен шығармашылығын зерттеуге арналған.

"Өркениет тарихы" картинасы Алматыдан Лондонға көшуге ұмтылған Индира есімді қыздың өмірін баяндайды. Көшуге бір күн қалғанда қыздың өмірінде әртүрлі оқиғалар болады.

"Өркениет тарихы" фильмінің түсірілімі 2019 жылы Алматыда өтті. Басты рөлді Mergen лақап атымен өнер көрсететін әнші әрі композитор Ақмарал Зықаева сомдады. Қыз үшін бұл фильмдегі алғашқы рөлі. Оның кинодағы серіктесі суретші Айдар Әлімбаев болды. Қоюшы-оператор Португалиядан келген Леандро Ферран.

Айта кетейік, "Өркениет тарихы" фильмі бұған дейін Швейцарияның Локарно кинофестивалінде "Күміс Барс" сыйлығына ие болған. Сонымен қатар, картина Toronto International Film Festival (Канада), Bosphorus International Film Festival (Түркия), Prague Shorts (Чехия), Les Arcs Film Festival (Франция) және т.б. кинофестивальдердің бағдарламасына іріктелді.

Жаннат Алшанова сонымен бірге өзінің дебюттік толықметражды "Жеңімпаздарды сөреде көруге болады" фильмінің жобасы үшін When East Meets West ("Шығыс Батыспен кездескенде") бірлескен киноөндіріс форумында жеңімпаз атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети