03 қараша 2021 11:45

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 4-6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 4-6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суық солтүстік-батыс антициклоны әсерінен еліміздің бірқатар өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, температура айтарлықтай төмендейді. Тек 4 қарашада ғана оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты таулы аудандарда қатты қар жауып, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады. Сондай-ақ, республиканың басым бөлігінде тұман түседі. 

  • Батыста ауа температурасы түнде-1-6 градус аяз, күндіз 0-5 градус.
  • Еліміздің оңтүстігінде 3-8 градус жылы, күндіз 10 градус жылы.
  • Солтүстік-батыста 8-13 градустан 0-10 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градус аяз - 6 градус жылы.
  • Солтүстікте 13-18 градустан 0-10 градусқа дейін аяз, күндіз 0-8 градустан 0-6 градусқа дейін жылы.
  • Еліміздің орталығында және шығысында түнде 13-21 градустан 5-13 градусқа дейін аяз, күндіз 2-13 градустан 0-8 градусқа дейін аяз.
  • Солтүстік-шығыста 8 градус аяз, күндіз 0-8 градус жылы.
  • Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнде 5-13 градус аяз, күндіз 2-7 градус аяздан 0-5 градусқа дейін жылы болады.

Бұған дейін температураның күрт төмендеуіне байланысты Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды.

Алматыда қар жауып, көктайғақ болады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді сақ болуға шақырды.

Астанада қатты көктайғақ пен тұман болады деп болжанып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети