Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар

Кентауда үш қабатты үй өртенді: 50 адам эвакуацияланды 02 сәуір 2023, 14:05

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентаудағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентаудағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы - 4 шаршы метр.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.

Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өрт сағат 22.11-де ауыздықталып, сағат 22.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram