24 қыркүйек 2023 | 12:24

Көпқабатты үйдің кіреберісінде балаларымен ұйықтап қалған әйел ата-ана құқығынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтаудағы көпқабатты үйдің кіреберісінде бетон еденде екі кішкентай баласымен ұйықтап жатқан әйел екі айдан кейін ата-ана құқығынан шектелді. Бұл туралы білім басқармасының балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудағы көпқабатты үйдің кіреберісінде бетон еденде екі кішкентай баласымен ұйықтап жатқан әйел екі айдан кейін ата-ана құқығынан шектелді. Бұл туралы білім басқармасының балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Екі баланың анасы 38 жаста. Ол Ақтауға Жамбыл облысынан жұмысқа келген. Онда ол пәтер жалдаған. Қазір төрт жасар үлкен баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Екі жасар қызы балалар үйінде.

Әйелді әңгімелесуге шақырғанда да мас болып келген. Осы уақыт аралығында ол балаларына бір-ақ рет барған.

Жұлдыз Ағманова балаларды әйелдің інісі қамқорлығына алмақшы.

"Ол бұл үшін қажетті құжаттарды жинайды. Одан кейін Алматыдағы мекемелер тексеру жүргізеді. Оның қорытындысынан кейін балаларға қамқоршы болуға рұқсат береміз", - деді ол.

Еске салайық, оқиға 2023 жылғы 17 шілдеге қараған түні болған. Видео авторының сөзінше, көпқабатты үйдің подъезінде мас әйел жатыр, қасында тағы екі кішкентай баласы бар. Оқиға куәгерлері полицияға хабар берген. Ал балалар жаурап қалмауы үшін үйіне кіргізбек болған, алайда балалар кіргісі келмеген. Куәгерлер балаларға төсеніштер әкеліп берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.19  course up  543.92  course up  5.27  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer