10 шілде 2020 09:16

Коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары жерлер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Вирусологтар мен иммунологтар "Известия" баспасымен сұхбат барысында коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары жерлерді атады. 


Вирусологтар мен иммунологтар "Известия" баспасымен сұхбат барысында коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары жерлерді атады. 

Бірінші орында желдету жүйесі нашар жерлер.

"Бөлменің орналасқан жері ғана емес, онда желдету қалай жұмыс істейтіні маңызды. Егер ауаның алмасуы нашар болса, кез келген жабық кеңістік қауіпті", - деп мәлімдеді МФТИ геномдық инженерия зертханасының жетекшісі Павел Волчков.

Екінші орында қарбалас кезіндегі қоғамдық көлік пен адамдар ұзақ уақыт бірге тұрып қалатын кезектер. 

"Меніңше, ең қауіпті қарбалас кезіндегі қоғамдық көлік болуы мүмкін. Сондай-ақ, үй маңындағы дүкендер мен дәріханалардың жанындағы кезек тек қауіп төндіруі мүмкін", - деді Марциновский атындағы медициналық паразитология, тропикалық және трансмиссиялық аурулар институтының директоры Александр Лукашев.

Үшінші орында түрлі кеш өтетін барлар, мейрамханалар мен клубтар, сондай-ақ адам көп жиналатын кез келген мереке.

Көптеген сенуші жиналатын діни ғимараттар рейтингте төртінші орында. Айта кетейік, Вашингтон штатындағы шіркеу хоры ұйымдастырған іс-шараға қатысушылардың 87 пайызы вирус жұқтырған. Себебі, ән айту кезінде адамдар сілекей тамшысымен вирустың бөлшектерін таратуы мүмкін. Әншілер де терең тыныс алады, бұл жұқтыру ықтималдығын арттыра түскен.

Бесінші орында басқа қоғамдық орындар. Жапонияда жүргізілген сауалнамаға сәйкес, вирустың берілуінің жоғары динамикасы келушілер ұзақ уақыт бойы дем алып, фитнес-клубтарда, театр қойылымдары мен концерттерде, конференцияларда байқалған. 

Сондай-ақ вирус стадиондарда, спорт ойындары кезінде тез тарауы мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети