18 желтоқсан 2023 09:47

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: alau.kz Фото: alau.kz

Қостанай облысындағы жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасай отырып.


Қостанай облысындағы жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасай отырып.

17 желтоқсанда сағат 20:20 шамасында Қостанай - Сарыкөл автожолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada Granta көлігімен соқтығысқан. Бұл туралы өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Апат салдарынан екі көліктегі жолаушылар сол жерде қайтыс болды. Жүргізушілер әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Осы факті бойынша полиция ҚК - нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети