05 қыркүйек 2024 | 17:56

Маңғыстау облысында жаңа автобустар мен арнайы техникалар табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

5 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі халқы ең көп Мұнайлы ауданы тұрғындарының игілігіне жаңа жолаушылар автобустары мен инвотаксилер және арнайы техникалардың кілтін табыстады.


5 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі халқы ең көп Мұнайлы ауданы тұрғындарының игілігіне жаңа жолаушылар автобустары мен инвотаксилер және арнайы техникалардың кілтін табыстады.

"Ақтау-Батыр-Ақтау" бағытындағы автобустар жаңартылып, соңғы үлгідегі заманауи Yutong маркалы 10 автобус берілді. Жаңа қоғамдық көліктерде заманға сай бейнебақылау, ауа салқындатқыш сынды құрылғылармен жабдықталған.

Мұнайлы ауданының коммуналдық қызметі 2 трактор жүксалғыш тіркемесімен, 3 "Нива" жеңіл көлігі, ассенизатор және су сорғыштармен толықтырылды.

Бұдан бөлек, аудандағы ерекше жандардың еркін қозғалуына қажетті инвотакси пайдалануға берілді.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай салтанатты шарадағы құттықтау сөзінде халықтың күнделікті тұрмысына қажетті көліктермен қамту ісінің жалғасатынын айтты.

"Тұрғындармен кездесулерде әрдайым инватаксидің қажеттілігі жөнінде уәждер айтылатын. Біздің мақсат - халықтың өтінішін орындап, олардың тұрмыс-тіршілігін барынша жеңілдетіп, өмір сүруге қолайлы ортаны қалыптастыру. Бүгін беріліп жатқан қоғамдық көліктер аудан халқының емін-еркін жүріп-тұруына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Бұл да бір билік пен бизнестің ортасындағы ауызбіршіліктің, келісе тіккен тонның көрінісі, айғағы. Бұл соңы емес, тапсырыс берілді, жақсы іс жалғасын табады", - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетсек, жыл басынан бері аудан маршруттары 61 жаңа автобуспен толықтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Маңғыстау облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети