Марат Әзілханов екі бірдей қызметінен босатылды

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Әзілханов екі бірдей қызметінен босатылды Фото:gov.kz

Марат Әзілханов екі бірдей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Марат Әзілханов екі бірдей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Марат Әзілханов 1965 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қарағанды ​​мемлекеттік медициналық университетін жалпы медицина мамандығы бойынша және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы бастаған.

1988 жылдан 1992 жылға дейін қалалық ауруханада интерн және Қызылорда қаласындағы №5 емханада хирург болып жұмыс істеді.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдан 2014 жылға дейін Дін істері агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

2018 жылдан 2019 жылға дейін Әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарды.

Марат Әзілханов 2021 жылдың сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 479.98   545.53   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +25
Ақтау +23
Ақтөбе +19
Атырау +24
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +27
П
Павлодар +20
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +26
Тараз +33
Түркістан +18
О
Орал +28
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер