20 тамыз 2023 12:45

Месси әлемдегі титулы ең көп футболшы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/InterMiamiCF Фото: twitter.com/InterMiamiCF

Лионель Месси доп тебетін "Интер Майами" клубы Лига Кубогының финалында Нэшвиллді жеңді. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында Аргентиналық аяқдопшының командасы 10:9 есебімен басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ал негізгі уақытта Месси мергендігімен көзге түсті. Бұл өзінің жаңа командасы үшін 10-ыншы голы болатын. Осылайша, Лео жаңа командасы сапында өзінің кезекті кубогын жеңіп алды. Алайда, бұл "Интер Майами" тарихындағы алғашқы жеңіс болатын.

Жалпы алғанда, аргентиналық үшін бұл кубок клубтық турнирлер мен ұлттық құрамалар деңгейінде 44-ші трофей болатын. Бұл көрсеткіш бойынша ол мансабын аяқтаған бразилиялық қорғаушы Дани Альвесті жеңіп, бірінші орынға шықты.

Айта кетейік, Месси 35 титулды Барселонамен, бесеуін Аргентина құрамасымен, үшеуін Пари Сен-Жерменмен, енді біреуін Интер Майамимен жеңіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.91 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети