Толығырақ
Комитет басшысының айтуынша, мемлекеттік органдар люкс активтерді тегін алады, бірақ бұл тек бір жағдайда - егер көліктер сауда-саттықта сатылмаса жүзеге асады.
"Бұл шара бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қарастырылған. Жаңа автокөліктер сатып алғанша, оларды тәркіленген мүлік есебінен алған тиімді. Нормативтік құқықтық актілерде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың мұндай құқығы бекітілген. Сондықтан бұл құқықты неге пайдаланбасқа", - деді Нұрмахан Әділбеков.
Мән-жайы
Бұған дейін Перизат Қайраттан тәркіленген қымбат Mercedes-Benz S 450 көлігі мемлекет меншігіне өткенін жазған болатынбыз. Мәселе 2024 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі 777KPK01 қара түсті көлік туралы болып отыр. Құжаттарға сәйкес, автокөліктің аккумуляторы отырып қалған, сондықтан оның техникалық жай-күйін тексеру мүмкін болмаған.
Қайраттан тағы не тәркіленді?
2025 жылдың қыркүйегінде Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік аукционға шығарылатынын хабарлады.
Бұл жерде активтердің үлкен жиынтығы туралы сөз болып отыр: Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі бірнеше пәтер мен тұрақ орындары.
Сондай-ақ 2024 жылы шыққан Mercedes-Benz S450 көлігін қоса алғанда, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE и Haval H6 GT секілді қымбат автокөліктер тәркіленген. Одан бөлек гүл кәсібіндегі 100 пайыздық үлесі мен қолма-қол 22 мың АҚШ доллары мемлекетке берілген.
Тәркіленген заттардың арасында брендтік бұйымдар да бар: әлемге әйгілі маркалардың күннен қорғайтын көзілдіріктері, аяқ киімдері мен аксессуарлары.
Перизат Қайрат ісі
2024 жылдың қарашасында Қайрат 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналғаны айтылды. Бірақ тергеу нұсқасы бойынша, қаражаттың бір бөлігі Қайраттың жеке шығындарына - элиталық жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен саяхаттарға жұмсалған.
Қор қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Қайрат туыстарын тартқан. Іс бойынша оның анасы Ғайни Алашбаева да сыбайлас ретінде өткен.
2025 жылдың наурызында оның Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен жойылды.
16 шілдеде іс бойынша жәбірленушілер сотқа әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, қайырымдылық көмек көрсетуге шешім қабылдағандарын айтты. Сондай-ақ сотта тергеу амалдары барысында тәркіленген мүліктің тізімі оқылды.
Нәтижесінде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды.