21 сәуір 2020 17:56

Нұр-Сұлтанда 2 жасар бала коронавирустан жазылды

Көрнекі сурет: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда 2 жасар бала коронавирустан жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 2 жасар бала коронавирустан жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 21 сәуірде 17 науқас коронавирустан жазылды. Олар стационарда 3 және 4 сәуірден бері емделген. Барлық науқас КВИ емдеудегі клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдады. Енді 2 апта бойы үйдегі карантинде болады.

Реклама
Реклама

"21 сәуірде жазылғандардың арасында екі бала бар - 2015 жылы туған ұл және 2018 жылы туған қыз. Бұдан бөлек, коронавирустан жазылған жүкті әйел 17 сәуірде босанды. Баланың коронавирусқа талдауы теріс нәтиже көрсетті. Қазір Нұр-Сұлтанда коронавирус диагнозымен 390 науқас емделіп жатыр", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін Алматы қаласында 127 дәрігердің коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram