21 сәуір 2020 16:46

Алматыда тағы 127 дәрігер коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда соңғы тәулікте коронавирусты жаңадан жұқтырған 145 жағдай анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда соңғы тәулікте коронавирусты жаңадан жұқтырған 145 жағдай анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматыда 21 сәуірдегі жағдай бойынша COVID 19 диагнозы расталған 669 жағдай тіркелді.

Олардың 104-і қазіргі уақытта провизорлық орталық болып қызмет көрсетіп тұрған Орталық қалалық клиникалық аурухананың, 12-і №12 Қалалық емхананың, 11-і Қалалық паллиатив көмек орталығының қызметкерлері және 18 адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

"Бүгінде Алматы облысындағы науқасты қоса есепке алғанда, коронавирустан 577 адам жұқпалы аурулар стационарларында жатыр. Екі пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6 адамда – ауыр, 168-і ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық. 88 науқас коронавирустан жазылды. Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда 352 адам, үйдегі карантинде 9950 адам бар", - делінген хабарламада. 

Алматы қаласы Бостандық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес №12 Қалалық емхана карантинге жабылды.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға қатысты. Стационар таза және вирус жұқтырған аймақтарға бөлінген. Бүгінгі күні қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылды. Емдеуде жатқан науқастарға тек обаға қарсы костюмдерін киген қызметкерлер медициналық қызмет көрсетіп жатыр.

Пациенттермен коронавирусқа талдаулары теріс шыққан медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Талдаулары оң нәтиже көрсеткен медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіліп, инфекциялық стационарлар мен бөлімшелерде емделіп жатыр.

"Әкімшілік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Карантин және жабық кеңістікте болу жағдайында адамдардың психологиялық жай-күйі нашарлауы мүмкін екенін ескере отырып, ұжымда коммуницирлеудің барлық әдістері қолданылып жатыр. Сондай-ақ, қаланың барлық медициналық ұйымы қажетті жеке қорғану құралдарымен толық жабдықталғанын қосымша айта кеткен жөн", - деп хабарламады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске салайық, соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде 1967 адамнан коронавирус анықталған. 452 адам сауықты, 19 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети