03 наурыз 2020 17:26

"Оңай жолмен пайда тапқысы келді". Елордада жалған ақша жасаған ер адам сотталды

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің екінші тергеу басқармасының басшысы Олжас Сүлейменов өткен жылы жалған 150 мың теңге айналымнан шығарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің екінші тергеу басқармасының басшысы Олжас Сүлейменов өткен жылы жалған 150 мың теңге айналымнан шығарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылы елорда тұрғыны жалған ақшаны айналымға енгізбекші болыпты.

"Елордада жалған ақша таратқан азамат ұсталды. Ол жүйелі түрде жалған ақша жасаумен айналысып, оңай жолмен пайда тапқысы келген. Күдікті дүкендерді, базарды аралап, қаражат таратқан. Оның жалған ақшасы ҚР ұлттық банкінің қаражатына ұқсас болған. Тергеу барысында азаматтың жалған ақшаны таратқан 34 дерегі тіркелді", - дейді Олжас Сүлейменов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол күдіктінің кінәсі сотта дәлелденгенін атап өтті.

"Бұлтартпайтын дәлелдер анықталды. Куәгерлерден, сатушылардан, бейнебақылау камераларынан тиісті ақпарат алынды. Кінәлі азаматтың ісі сотта қаралып, 5 жылға сотталды. Жалған 150 мың теңге айналымнан шығарылды", - деп түйіндеді сөзін екінші тергеу басқармасының басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети