01 қазан 2023 11:04

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай республикалық айтыс өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желі Әлеуметтік желі

Алматыда Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған аламан айтыс өтті. Сөз додасының үздігін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған әділқазылар алқасы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған аламан айтыс өтті. Сөз додасының үздігін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған әділқазылар алқасы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділқазылар алқасының шешімімен республикалық айтыстың бас жүлде иегері атанған Мұхтар Ниязов 2.5 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды. Қазірет Бердіхан І орынды жеңіп алса, ІІ орынның төріне Шұғайып Сезімхан мен Жансая Мусина жайғасты. Ал ІІІ орынды Серік Қуанған мен Төлеген Жаманов өзара бөлісті.

"Алатау" дәстүрлі өнер театрында өткен сөз сайысына еліміздің бетке ұстар 14 айтыскер ақыны қатысты. Олардың қатарында Әсем Ережеқызы, Жансая Мусина, Серік Қуанған, Аспанбек Шұғатаев, Шұғайып Сезімхан, Қазірет Бердіхан, Мұхтар Ниязов, Ардабек Ақбаба, Нұрзат Қаруқызы, Мейірбек Сұлтанхан, Ақниет Жұбаныш, Төлеген Жаманов, Ержан Әміров пен Фархат Марат бар. Кіл жүйрік бақ сынасқан сөз додасының тізгінін әйгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай ұстады.

"Алматының халқы да айтысты сағынып қалған екен. Ине шаншар жер жоқ, зал толып отырды. Жыр арқауы – қазақ әдебиетінің заңғар тұлғаларының бірі, классик жазушы Оралхан Бөкей ағамыз. Айтысқа ағамыздың да тікелей қатысы бар. Ол 90-жылдардың кезінде өзі ұйытқы болып, Алматыда бірнеше мәрте айтыс өткізген. Ал бүгін оның мерейтойында ақындар келіп, Оралхан ағаны жырға қосып отыр. Кітап оқитын, әдебиет сүйетін ұлт бар кезде ағамыздың бейнесі жадымыздан өшпек емес", – деді Аманжол Әлтай.

Айтыс арасында композитор, этномузыкант, ҚР Мәдениет қайраткері Еділ Құсайынов өнер көрсетіп, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" повесі желісінде театрландырылған көрінісін сахналады. Сондай-ақ сөз додасын тамашалауға келген құрметті қонақтар мен игі жақсыларға мерейтойлық медальдар тапсырылды.

"Бүгін қазақтың қабырғалы қаламгерінің мерейтойы дүркіреп тойланып жатыр. Оралхан Бөкей шығармаларының өміршеңдігі сондай, оны бір оқыған адам қайта айналып соғып отырады. Осындай дарынды да, талантты перзентті өмірге әкелген шығыстың топырағы мен Шыңғыстайдың ел-жұртына алты Алаштың алғысы шексіз", – деді бас жүлдені иемденген айтыскер ақын Мұхтар Ниязов.

Сонымен қатар, Бошай Кітапбайұлының 10 жылдығына арналған арнайы жүлдені Әсем Ережеқызы еншілесе, Абай атындағы халықаралық қор тарапынан берілген жүлде Мейірбек Сұлтанханға бұйырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети