21 қараша 2020 12:30

Өз жолымызды табуымыз керек. ER-BATYR жобасында Марат Оралғазин

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - шоумен әрі тележүргізуші Марат Оралғазин. Ол елдің дамуы үшін неге өткенді қалдырып, өз жолын табу маңызды екенін, неге білім беру жүйесін басты проблема деп санайтынын, сондай-ақ ұлына TikTok қолдануға рұқсат беру-бермеуі туралы айтады.


ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - шоумен әрі тележүргізуші Марат Оралғазин. Ол елдің дамуы үшін неге өткенді қалдырып, өз жолын табу маңызды екенін, неге білім беру жүйесін басты проблема деп санайтынын, сондай-ақ ұлына TikTok қолдануға рұқсат беру-бермеуі туралы айтады.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін 20.00-де ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан көруге болады.

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер: "Жетінші арна" мен "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Жоба ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Қазақстандағы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Марат Оралғазин - танымал актер, шоумен және тележүргізуші. Ол "СКЛ-КазГУград" КВН командасында ойнаған. Ол "Браво" және "Берекелді" сияқты радиобағдарламалардың жүргізушісі болған, телевизияда "Тойбастар", "Намыс дода" және "Әзілстудио" мен "Бәсеке" бағдарламаларының авторы, сонымен қатар "Мәссаған" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. Танымал "Вузеры" және "Патруль" комедиялық сериалардарының, сондай-ақ, "Бөрі" криминалдық драмасының сценарисі  идея авторы. Ресейлік жобаларға, соның ішінде "Бірінші арнадағы" "Большая разница" бағдарламасына қатысқан.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Түсірілім орнын ұсынғаны үшін RTS Decaux компаниясына алғысымызды білдіреміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети