03 желтоқсан 2023 12:24

Парижде ер адам туристерге пышақпен шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: s1.1zoom.ru Фото: s1.1zoom.ru

Парижде бұрын сотталған ер адам туристерге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFMTV-ге сілтеме жасап.


Парижде бұрын сотталған ер адам туристерге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFMTV-ге сілтеме жасап.

Оқиға Эйфель мұнарасының жанында болған. 26 жастағы француз азаматы Германияның бір азаматын өлтіріп, тағы екеуін жаралады. Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманиннің айтуынша, күдіктіде пышақ болған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ер адам әуелі бір адамды пышақтап, сосын қасындағы басқа адамдарға балғамен шабуыл жасамақ болған. Полиция оны электрошокермен тоқтатты.

Ол ұсталған сәтте полицияға өзін Ауғанстан мен Палестинадағы адам өлімі, сондай-ақ Газа секторындағы жағдай қынжылтқанын айтқан.

Ұсталған адам француз қауіпсіздік қызметінің бақылауында болған және ол 2016 жылы терактілерді жоспарлағаны үшін сотталған. Ішкі істер министрінің сөзінше, оның психикалық ауытқуы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети