"Педофилия" бойынша күдікке ілінген шенеунік туралы не белгілі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Талдықорғанда педофилия бойынша күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда педофилия бойынша күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін аймақ полицейлері Ақсу ауданының 40 жастағы тұрғынын жеті жасар балаға қатысты жыныстық қатынасқа күдікпен ұстаған болатын. Істі Жетісу облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, ер адам бұрын Amanat партиясының аудандық филиалын басқарған, аудандық мәслихаттың депутаты болған. Осы тұста БАҚ депутат Серікқан Жақыповтың есімін атады. Облыстық партия филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған адам биыл 1 тамызда өз өтініші бойынша партия қатарынан кетті.

Жергілікті мәслихаттың сайтында Серікхан Жақыпов әлі де VIII шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты ретінде белгіленген. Туған күні бағанында 1964 жыл (60 жас) көрсетілген, бұл ретте полицияда 40 жастағы күдіктінің ұсталғаны туралы хабарланған. Сайтта оның туған күні дұрыс көрсетілмеуі мүмкін, өйткені дәл осындай күн көрші тізімде орналасқан басқа депутатта көрсетілген.

Мәслихат сайтынан скриншот

Сот күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады. Сот күдіктінің атын нақтыламады, алайда оның тегі Ж. әрпінен басталатынын көрсетті.

"Сот қаулысымен тергеу органдарының Ж. қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші екі ай мерзімге қанағаттандырылды. Күдікті 40 жаста. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ", - деді облыс сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Бұған дейін Жетісу облысы партиясы филиалының баспасөз хатшысы Қымбат Сейдахмет әлеуметтік желіде тараған ақпарат тиісті түсініктеме беріліп, мұқият тексерілетінін хабарлады.

"2024 жылдың тамыз айының басынан бастап Жетісу облысы бойынша партия филиалдарының жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің ешқайсысы қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдіктілерге әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. Жетісу облысы Аmanat партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысына қатысты ол биыл 1 тамызда берілген өтініш негізінде өз еркімен жұмыстан шықты", - деп хабарлады бұған дейін Қымбат Сейдахмет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer