21 наурыз 2024 14:25

Президент биыл елімізде төрт ауқымды жоба қолға алынатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Akorda.kz Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елімізде төрт ауқымды жоба қолға алынатынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елімізде төрт ауқымды жоба қолға алынатынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл туралы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауында айтты.

Атап айтқанда, көптеген жылу орталығы және инженерлік желілер жаңғыртылады, 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді.

Сонымен қатар 300 мың адам табиғи газдың игілігін көре бастайды және ауыл мен аудан тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспайды. Ал жалға берілетін баспана саны бірнеше есе көбейеді.

"Мұның бәрі халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз. Елге, халыққа арналған осындай игі шаралар міндетті түрде жалғасын табады. Баршаңызды бүгінгі Көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети