Путин Киевтен төрт облыста өткен референдумдарды мойындауды талап етті

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ x.com/KremlinRussia ©️ x.com/KremlinRussia

Ресей президенті Владимир Путин Sky News Arabia телеарнасына берген сұхбатында Киев "ДХР", "ЛХР", Запорожье және Херсон облыстарының Ресей құрамына кіруі жөніндегі референдумдардың нәтижесін мойындауы қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Sky News Arabia телеарнасына берген сұхбатында Киев "ДХР", "ЛХР", Запорожье және Херсон облыстарының Ресей құрамына кіруі жөніндегі референдумдардың нәтижесін мойындауы қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Путиннің айтуынша, бұл нәтижелерді елемеу "қарулы қақтығыстың қайта басталуына әкелуі мүмкін". Сондай-ақ, Ресей көшбасшысы өңірдегі ұзақмерзімді тұрақтылықтың негізі ретінде Украинаның бейтарап мәртебесін, яғни шетелдік альянстарға мүше болудан және ядролық қарудан бас тартуын атады. Сонымен қатар, "шешілмеген гуманитарлық мәселелерді" реттеу қажет екенін айтты.

"Мен Украина қазіргі басшылығының үшінші тараптардың емес, ұлттық мүдделерге сүйенетініне үміттенемін. Украина Ресейге қарсы жұмыс істейтін сыртқы күштердің құралы болудан әлдеқайда жоғары", – деді Путин.

Бұған дейін Кремль басшысы Ресейдің украиналық Сумы қаласын басып алу мүмкіндігін "толық жоққа шығармайтынын" айтқан болатын. Сонымен бірге, Путин Мәскеу Киевтің тізе бүгуін талап етпейтінін, тек "жердегі қалыптасқан шынайы жағдайды" мойындауды сұрайтынын мәлімдеді.

2022 жылғы қыркүйекте Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылу туралы референдумдар өтті. Ресми мәліметтер бойынша, бұл аймақтарда 87-ден 99 пайызға дейінгі дауыс Ресейге қосылуға берілген.

2 маусымда Ыстамбұлда өткен тікелей келіссөздердің кейінгі кезеңінде Ресей мен Украина бейбіт реттеу туралы меморандум жобаларымен алмасты.

Украина президенті Владимир Зеленский Украина бейтарап мәртебе жариялауды және НАТО-ға қосылу ниетінен бас тартуды жоспарламайтынын бірнеше рет мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer