Путин Тоқаевқа Аляскадағы кездесу туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин Тоқаевқа Аляскадағы кездесу туралы айтып берді Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы әріптесін АҚШ президенті Дональд Трамппен Анкориджде өткен кездесу қорытындысымен құттықтады.

Президенттің пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украина жөніндегі ұстанымын америкалық тараптың жақсы түсінуіне септігін тигізді. Бұл күрделі мәселенің шешімін іздеуде ортақ тіл табысуға көмектеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық позициясын және әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан айтулы кездесу болды деп санайды.

Мемлекет басшысы сапардың сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазіргідей күрделі жағдайда мұның саяси мәні зор.

Владимир Путин өз тарапынан әріптесіне Аляскада өткен келіссөздің кейбір нақты аспектілері туралы мәлімет берді.

Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Ресей Президентіне энергетика саласындағы конструктив ынтымақтастық үшін ризашылық білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.01   555.71   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +15
Астана +17
Ақтау +15
Ақтөбе +9
Атырау +15
Б
Балқаш +15
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +16
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +21
С
Семей +16
Т
Талдықорған +16
Тараз +18
Түркістан +8
О
Орал +16
Ө
Өскемен +18
Ш
Шымкент +18

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер