02 наурыз 2022 16:40

Ресей Украинамен жаңа келіссөздерге дайын - Кремль

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік шенеуніктер Украинамен келіссөздердің екінші раундын өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеу Батыс елдерінің Ресей экономикасына нұқсан келтіру үшін енгізген шараларына қатаң әрі нақты жауап беруі керек, деді Кремль өкілі.

"Бүгін түстен кейін біздің делегация украиналық келіссөз жүргізушілерді күтеді. Бізге украиналық келіссөз жүргізушілер келе ме, жоқ па белгісіз. Бірақ, келеді деп үміттенеміз. Біздің келіссөз жүргізушілер дайын, белгіленген уақытта сол жерде  болады", - деді Песков.

Песков келіссөздер өтетін орынды алдын ала айтпайтынын ескертті. Ол сондай-ақ Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украинамен келіссөз жүргізетін негізгі өкіл болып қала беретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети