18 наурыз 2023 11:18

Рыбакина АҚШ-тағы жеңісінен кейін әлемнің 8-ракеткасы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/wta instagram.com/wta

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шығуының арқасында әлемдік рейтингіде екі орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шығуының арқасында әлемдік рейтингіде екі орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Рыбакина WTA-ның Live рейтингінде 10-орыннан сегізінші орынға көтерілді. Елена бұл турнирде жеңіске жетсе, онда ол әлемнің жаңа жетінші ракеткасы болады. Бұрын ол ешқашан оныншы қатардан жоғары көтерілмеген", - деп хабарлады спорттық басылым.

Еске салайық, Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Елена Рыбакина жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады.

Елена Рыбакина 1 сағат 15 минутқа созылған ойында 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын айқын басымдықпен ұтып, спорттық карьерасында алғаш рет Индиан-Уэллс жарысының (жүлде қоры – 8,8 миллион АҚШ доллары) финалына өтті.

Ол соңғы бәсекеде әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салады. Арина Соболенко жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Мария Саккариді жолдан тайдырды – 6:2, 6:3.

Қорытынды матч 20 наурызда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети