Щучинскіде қан аралас су шығып жатқан құдық тұрғындарды шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинскіде қан аралас су шығып жатқан құдық тұрғындарды шошытты Бейнеден алынған кадр

Желіде Щучинскіде қазылған құдықтан жағымсыз иісі бар сұйықтық ағып жатқаны туралы видео пайда болды. Желі қолданушыларының айтуынша, бұған дейін ол жерге жылқы құлап кеткен. Жағдайға қатысты өңірлік экология департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Щучинскіде қазылған құдықтан жағымсыз иісі бар сұйықтық ағып жатқаны туралы видео пайда болды. Желі қолданушыларының айтуынша, бұған дейін ол жерге жылқы құлап кеткен. Жағдайға қатысты өңірлік экология департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Щучинскіде бұған дейін жылқы ашық құдыққа құлап кеткен жерде қайтадан қазу жұмыстары жүргізілген.

Желідегі видеоматериалдарға қарағанда, құдық ашылып, одан лас су ағып жатыр, қанға ұқсас сұйықтықтан өткір жағымсыз иіс шығады.

"Бұл оның ішінде биологиялық қалдықтардың бар екенін білдіруі мүмкін. Егер құдықта жануардың қалдықтары болса, толық тазарту мен залалсыздандырусыз ол инфекция ошағына айналып, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікке қатер төндіруі, сондай-ақ топырақ пен судың ластану қаупін тудыруы мүмкін", - делінген Instagram-дағы жазбада.

Бұған қоса алдын ала мәліметтер бойынша, жұмыстар заңбұзушылықтармен жүргізіліп жатыр, санитариялық өңдеу жасалмаған, қоршау орнатылмаған, тұрғындарға ескерту жасалмаған.

Департаменттегілер не дейді?

Ақмола облысы бойынша экология департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство Щучинскіде өлген жылқының тиісінше көмілмеу және жойылмау фактісін растады.

"Жануар өлексесін техникалық құдыққа топырақпен көміп тастау әрекеті Экологиялық кодекс пен "Биологиялық қалдықтарды жою қағидаларын" өрескел бұзу болып саналады. Өлексені тікелей топыраққа, әсіресе су айдындарының жанына көмуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер судың ластануына және инфекциялардың таралуына тікелей қауіп төндіреді", - деп хабарлады департамент.

Биологиялық қалдықтарды жою, сондай-ақ шіру аймағындағы судан сынама алу мен талдау мәселелері жергілікті әкімдіктердің, санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қызметтердің құзыретіне жататыны нақтыланды.

"Аталған заңбұзушылықтар үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 344-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Материалдарды алу туралы сұраныс жолданғанын хабарлаймыз", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ департамент полиция тарапынан берілетін мәліметтерді күтіп отырғандарын хабарлады.

Қалалық әкімдік мәліметінше, бұл жарияланымға байланысты тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылданады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.2   555.05   6.18 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер