Семейде “Туған жерге туыңды тік“ инвестициялық форумы өтті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Абай облысы әкімдігі Абай облысы әкімдігі

Бүгін Семейде "Туған жерге туыңды тік" инвестициялық форумы өтті. Ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Парламенті және Сенат депутаттары, шетелдік және отандық инвесторлар, Абай облысынан шыққан ірі кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері қатысты. Маңызды жиынға 500-ге жуық кәсіпкер келді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Семейде "Туған жерге туыңды тік" инвестициялық форумы өтті. Ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Парламенті және Сенат депутаттары, шетелдік және отандық инвесторлар, Абай облысынан шыққан ірі кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері қатысты. Маңызды жиынға 500-ге жуық кәсіпкер келді.

Форумның пленарлық сессиясында Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Мақсат Толықбай, Ринат Зайытов, Сенат депутаттары Айнұр Арғынбекова, Қайрат Тастекеев, "Agro Land Co" ЖШС бас директоры, "EurasiaRed" холдингтік компаниясының президенті Ерлан Мұқашев, "KAZ Minerals" тобы басқармасының төрағасы Эльдар Мамедов, "Сан Бао" сауда-өнеркәсіп корпорациясы басқарма төрағасы Кан Хэпин, "Эйкос" ЖШС бас директоры Александр Соловьёв, Қазақстандағы YOKOHAMA және TRIANGLE компанияларының ресми дистрибьюторы Сырымбек Тау, ASR экожүйесінің негізін қалаушы Дәурен Бимов, "Q4 Тұлпар" компаниясының басшысы Талғат Сақан, Ақтөбе, Түркістан облыстары әкімдіктерінің өкілдері сөз сөйледі. Инвесторлар Абай облысында жүзеге асыратын жобалары туралы айтты. "Сан Бао" сауда-өнеркәсіп корпорациясы басқарма төрағасы Кан Хэпин 33 жылдан бері Абай облысымен қалыптасқан ынтымақтастық байланыстарды жаңа қарқында жалғастыра беретінін, Сырымбек Тау Семейде "Пана" қонақүй желісін, "Семей мол" сауда кешенін салатынын, Абайдың 180 жылдығына Бейжіңде Абай үйін ашатынын жеткізді. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев бейнеүндеу арқылы Италияның астанасы Римде Абай ескерткішінің бой көтеруіне үлес қосатынын хабарлады.

Инвестициялық форум барысында Абай облысы мен бірқатар өңірлер және отандық компаниялар арасында 15 өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Форумды қорытындылаған аймақ басшысы жиынның нәтижелі әрі жемісті болғанын атап өтті.

"Туған жерге туыңды тік" деген бұл жалаң ұран, бос сөз емес, шын мәнісінде өзін нағыз патриот санайтын әр азаматтың туған жері алдындағы борышы деп білеміз. Сол үшін біз арнайы осындай үлкен инвестициялық форумды ұйымдастырдық. Жан жақта жүрген жерлестеріміздің, шет елдік инвесторлардың, серіктестеріміздің біздің шақыртуымызды қабыл алып, бүгін бас қосқаны өте қуантарлық жағдай. Сол үшін барша Абай жұртының атынан сіздерге алғысымды айтамын", – деді аймақ басшысы.

Форум барысында облыс әкімі "Семейдің сәулет келбеті" атты ашық байқау жарияланғанын хабарлады. Болашақта бой көтеретін "Semey Smart City" ықшам ауданының сәулеттік келбетін арттыруға бағытталған байқау 7 номинация ("Болашақтың тұрғын кварталы" – тұрғын үйлердің сәулеттік келбеті), ("Ашық мемлекеттің сәулеті" – әкімшілік және қоғамдық ғимараттар), ("Мәдени код: қаланың рәмізі мен рухы" – мәдени және символикалық нысандар), ("Қала көшеден басталады" – қоғамдық кеңістіктер мен абаттандыру), ("Қала – табиғатта, табиғат – қалада" – саябақтар, алаңдар мен рекреациялық аймақтар), ("Құрылым және өмір сапасы" – аумақтық орналасу шешімдері), ("Smart City Semey" – инновациялық орталық концепциясы) бойынша өтеді.

Tengrinews
Абай облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer