20 қазан 2021 13:32

ШҚО-да "қоғамда конституцияға қарсы ой қалыптастыруға" 15 миллион теңге жұмсалмақ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы қоғамда конституцияға қарсы ойлауды қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу үшін 15 миллион теңге төлеуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы қоғамда конституцияға қарсы ойлауды қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу үшін 15 миллион теңге төлеуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лот дәл осы атаумен Мемлекеттік сатып алу порталында пайда болды, сонымен қатар "мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу бойынша қызметтер" деген белгі бар.

Мемлекеттік сатып алу сайтында "конституцияға қарсы ойлауды қалыптастыру" бойынша бір қызметтің 15 миллион теңгеге бағаланатыны, сондай-ақ, ақша бюджет қаражатынан бөлінетіні көрсетілген. Сол ақпаратқа сәйкес, тендерге қатысуға бірден бес қоғамдық ұйым өтінім берген. Комиссия өтінімдерді қарастырып жатыр.

ШҚО әкімдігі жағдайға түсініктеме берді.

"Портал қателік жіберді. Бұл лоттың атауын қалыптастыру кезеңінде болды. Айта кетейік, порталда тіркелген барлық құжаттар "қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу" атауына сәйкес келеді", - деп түсіндірді әкімдікте.

Олар сонымен қатар қазіргі уақытта қатені түзеу мүмкін емес екенін айтты. Мүмкін, байқау аяқталғаннан кейін түзелетін шығар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети