12 қазан 2023 | 18:25

Сыр елінде Исатай Әбдікәрімовті еске алу шарасы өтіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімовтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Еске алу іс-шаралары облыс әкімдігіндегі "Исатай Әбдікәрімов: Азамат. Тұлға. Қайраткер" атты ғылыми-танымдық конференциядан басталды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімовтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Еске алу іс-шаралары облыс әкімдігіндегі "Исатай Әбдікәрімов: Азамат. Тұлға. Қайраткер" атты ғылыми-танымдық конференциядан басталды.

Ұлт қайраткерін ұлықтауға арналған конференцияға құрметті қонақ ретінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынов, ҚР Инженерлік академиясының академигі Тұрлыбек Искаков, боксшы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаев, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты Олег Бижанов, еліміздегі қаржы институтының дамуына үлес қосқан қайраткер Ерлан Татишев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Исатай Әбдікәрімұлының ұрпақтары, туған-туыстары мен үзеңгілес інілері қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың 85 жыл мерейтойын атап өтуде ғылыми-танымдық, мәдени-көпшілік шараларға негізгі басымдық берілгенін айтты. Оның ішінде, облыстың дамуында өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар есімін ұлықтауға арналған тағылымды шаралардың орны ерекше.

"Исатай ағамыз Қызылорда облысын басқарған тұста елге сіңірген еңбегі үшін жұртшылықтың ерекше сүйіспеншілігіне ие болды. Қызылорда облысы Кеңес Одағы бойынша күріштің 25 пайызын өндіріп, ырысты, күрішті Сыр еліне айналды. Исатай Әбдікәрімұлының тұсында шаруашылық басшылары, күрішшілер, малшылар, механизаторлар, жалпы саны 6 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ағамыз Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының Төрағасы қызметінде де абыройлы болды. Қай қызметте жүрсе де қайраткерлік қабілетін көрсетті.

Облысымыздың шежіресіндегі даму үрдістері бүгін де жалғасуда. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Зиялы қауым қатысқан конференцияны пайдаланып, Президентіміздің өңір халқына деген ыстық ықыласын, бірлесіп атқарған жұмысымызға берген жоғары бағасын өздеріңізге жеткізгім келеді. Бұл баға – елдің бірлігі мен тату тірлігінің нәтижесі және ағаларымыз салып берген сара жолдың сабақтастығы деп білемін", – деді аймақ басшысы.

Жиында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың, Өзбекстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері Мұрат Камаловтың арнайы құттықтау хаттары оқылды.

Конференцияда академиктер Мұрат Жұрынов, Тұрлыбек Искаков, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Жандос Базартай, қоғам қайраткері Ибрагим Әбибуллаев баяндама жасады.

Іс-шара соңында Исатай Әбдікәрімовтің қолжазбаларынан жинақталған жаңа кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды.

Айта кетейік, қайраткердің ғасырлық тойын атап өту аясында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжіндегі ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Мұнан әрі арнайы ас беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысы әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer