20 мамыр 2022 | 10:00

Тоқаев бизнесмендер мен әкімдерге үн қатты. 19 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото: akorda.kz

Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Қазақстандық университет өрескел заңбұзушылықтарға барған. Танымал ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Қазақстандық университет өрескел заңбұзушылықтарға барған. Танымал ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

Түрік компаниясы Қазақстанда зауыт салады 

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің жақында президенттік делегация құрамында Түркияға жасаған сапары барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Iskefe Holding компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Енді түріктің Iskefe Holding компаниясы Қазақстанда ІҚМ терісін өңдеуге және желатин өндіру зауытын салуға 27 миллион АҚШ долларын инвестициялайды

Реклама
Реклама

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қайда инвестицияланып жүр? 

2022 жылдың сәуіріне қарай елімізде БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 13 триллион теңге болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш пайызға артық. Зейнетақы жинақтарының көлемінде жыл сайын инвестициялық табыстың үлесі артып жатыр. Барлық зейнетақы активі БЖЗҚ-мен біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялардан түскен табыс 6,3 триллион теңгеге жетті. Жыл басынан бергі күрделі геосаяси жағдайға және әлемдік нарықтардағы өзгергіштікке қарамастан, биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, зейнетақыдан инвестициялық табыс 304,9 миллиард теңге мөлшеріне жетті. Өткен 2021 жылы салымшылардың зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс сомасы шамамен 1,4 триллион теңге болды, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 10,8 пайызға артық.

Қазақстанда қай ел азаматтары бизнеспен айналыса алады? 

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Қазақстанда қай ел азаматтары бизнеспен айналыса алатынын айтты. Қазақстанда ЖК ретінде қандастар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын, яғни елімізде тұруға ықтиярхаты бар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения азаматтары қызмет ете алады. Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап резидент ретінде саналмайтын жеке тұлғаларды, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, соның ішінде ЖСН жасау, тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жеке тұлғалардың ЖСН-ін мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретінен шығару жұмыстары Ішкі істер министрлігіне өткенін еске салды.

Қазақстанда соғыс жағдайында әрекет етуге қабілетті бөлімшелер құрылады

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов соғыс және дағдарыс жағдайында әрекет етуге қабілетті жауынгерлік бөлімшелер жасақталатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді қайта жасақтау, олардың жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөнінде тапсырмалар берген. Сондықтан соғыс жағдайы мен дағдарыс ахуалында әрекет етуге қабілетті жауынгерлік бөлімшелер жасақталып жатыр

Қазақстанда танктерге ескі қозғалтқыштар орнатылып келген

Қаржы мониторингі агенттігі Семей машина жасау зауытында миллиард теңге ұрланғанын анықтады, онда танктерге жаңа қозғалтқыштардың орнына ескі қозғалтқыштар орнатылған. Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті "Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам ұрланғанын анықтады. Ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған

Қазақ-орыс халықаралық университетінің жұмысында өрескел заңбұзушылықтар анықталды

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті профилактикалық бақылау кезінде университеттің білім беру саласындағы заңнама талаптарын орындамай отырғанын анықтады. Оқу орнына жүргізілген бақылау парағында 46 тармақтан 32 бұзушылық табылғаны жазылған. Атап айтқанда, Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенттеріне лекцияны біліктілік талаптарына сай келмейтін оқытушылар оқиды. Мысалы, "Әуе көлігін пайдалану" мамандығы бойынша базалық білімі бар мұғалім "Мектепке дейінгі тәрбиедегі инновациялық технологиялар" және "Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі" пәндерінен сабақ береді. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі бойынша сабақтар жүргізеді.

Фото:krmu.kz

Танымал ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті 

Ғалым 19 мамырда таңертең ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Әнуар Ғалиев өмірін тарихты зерттеуге, оның ішінде, этносемиотиканы зерттеуге арнаған ғалым. Айта кетейік, Әнуар Ғалиев 1959 жылдың 10 тамызында Шымкентте дүниеге келген. Тарихшы, этносемиолог. International Assotiation for Semiotic Studies атқарушы комитетінің мүшесі; American Index for Central Asian Scholarship (АҚШ), Алтайлық зерттеу (РАН антропология және этнология институты), Cultural Values (СПбГУ, филология факультеті) редакциялар алқасы мүшесі. 60-тан астам ғылыми еңбегі Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және Жапонияда жарияланған.

Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палата депутаттарының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерге жасаған сапары туралы баяндалды. Қазіргі уақытта 150-ден астам іс-шара өткен, оның көбі негізінен, шағын қалаларда, кенттер мен шалғай ауылдарда ұйымдастырылды. Сенаторлар сапарының нәтижесінде азаматтарды алаңдатқан мейлінше өзекті мәселелерге талдау жасалды. Атап айтқанда, тауарлар бағасының өсуі, автомобиль жолдарының жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауызсумен және газбен қамтамасыз етілуі, медициналық көмектің қолжетімділігі және басқа да проблемалар. Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Фото: akorda.kz

Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Бұл шараға Президент әкімшілігі мен Үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылды. 

Фото: BORT_1 Telegram-арнасы

Президент Бас прокуратураға тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға "қиялдан туған қылмыстық істерді" дереу тоқтатуды тапсырды.

"Кәсіпкерлерді қылмыстық қудалаудың негізі бар-жоғына талдау жүргізу қажет. Ақпарат әкімшілікке тоқсан сайын енгізілуі керек. Әрине, Бас прокуратура құқық қорғау органдарының қиялынан туған қылмыстық істерді дереу тоқтатуы керек", - деді Мемлекет басшысы.  

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты жанжал шықты 

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноға Катардағы әлем чемпионаты нысандарын салумен айналысатын жұмысшылардың еңбек шарты бұзылғаны үшін өтемақы төлеуді талап ететін хат жолдады. Өтемақы мөлшері кем дегенде 440 миллион доллар болуы мүмкін. Ал әлем чемпионатының құрылысына 30 мыңға дейін жұмысшы тартылғаны айтылды. Сәуірде әлем чемпионатын ұйымдастырушылар турнирге дайындыққа тартылған 3 компанияда еңбек жағдайлары бұзылғанын мойындаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная