08 мамыр 2020 09:10

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы 7 мамыр кешке "Ақорда" хабарлады.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы 7 мамыр кешке "Ақорда" хабарлады.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Президенті аталған датаның фашизмге қарсы иық тіресіп соғысқан бұрынғы Кеңес Одағының барлық халқы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, екі елдің ардагерлеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Ресей Президенті Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, жүрекжарды сәлемін жолдады.

Тараптар коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесін талқылау кезінде екі елдің осы бағытта тығыз ықпалдастық орнатқанын айтты.

Владимир Путин Қазақстан Үкіметінің індетке қарсы күрес жөніндегі шешімдері мен іс-қимылдарын Ресей тарапы мұқият бақылап отырғанын жеткізді. Осы ретте Ресей Президенті елімізде жүргізіліп жатқан халыққа, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын жоғары бағалап, барлық іс-әрекеттің дер кезінде қабылданып, тиімді жүзеге асқанын атап өтті.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы уақытта өтетін отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

Бейсенбі, 7 мамырда, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 177 160-қа жетіп, дүние жүзі елдері арасында бесінші орынға шықты. Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырған 11 231 адам тіркелді. 23 803 адам аурудан айықты, 1625 адам қайтыс болды. Мәскеу мэрі Сергей Собянин карантин шараларын 31 мамырға дейін ұзартты.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4578-ге жетті. 1518 адам сырқаттан жазылды, 30 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети