Трамптың криптовалютасы бір тәулікте мың есе өсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп 18 қаңтарда өзінің ресми $TRUMP мемкоинін шығарғанын хабарлады. Бұл криптовалюта бірнеше сағат ішінде нарықтық құны 5,5 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп 18 қаңтарда өзінің ресми $TRUMP мемкоинін шығарғанын хабарлады. Бұл криптовалюта бірнеше сағат ішінде нарықтық құны 5,5 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Менің жаңа ресми трамп мемкоинім шығарылды", — деп жазды ол.

Жарияланымға сайланған президент мемкоин сатып алуға болатын Trump Meme атты парақшаға сілтеме қосты.

$TRUMP монетасы Solana блокчейнінде орналастырылған және оның 80%-ы Трамп ұйымымен байланысты CIC Digital LLC және Fight Fight Fight LLC компанияларына тиесілі. Алғашқы күні 200 миллион токен шығарылды, ал келесі үш жыл ішінде жалпы саны 1 миллиард токенге жетеді деп жоспарлануда.

Трамптың бұл бастамасы криптовалюта индустриясында әртүрлі пікірлер тудырды. Мысалы, Трамп әкімшілігінің бұрынғы Ақ үйдің коммуникациялар директоры Энтони Скарамуччи бұл қадамды "Иди Амин деңгейіндегі сыбайлас жемқорлық" деп атап, криптовалюта саласына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, 20 қаңтар Трампты ұлықтау рәсімі өтеді. АҚШ-та Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда TikTok бұғатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer