"Ұшу жоспарыңда жоқ еді". Darkhan Juzz-дің әйелі жазба жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Таиландта қаза тапқан қазақстандық музыкант Darkhan Juzz-дің әйелі Instagram-да жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Таиландта қаза тапқан қазақстандық музыкант Darkhan Juzz-дің әйелі Instagram-да жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Маған әр кез, әсіресе, балалар туғанда көмектестің. Оның қандай музыкант болғанын бәрі біледі. Бірақ қандай керемет күйеу және әке болғанын бәрі біле бермейді. Біз жүріп жүргенде мені үйге дейін шығарып салғаныңда "Мен сенің күйеуің, досың, бауырың және әкең боламын" дедің. Сол кезде сенің не айтқың келгенін түсінбедім. Бірақ үйленгеннен кейін бәрін көрдім және көзім жетті. Мені Бөрте, Күн мен айым деп атадың, ал мен үшін сен Алтын едің", - деп жазды ол.

Ол сонымен бірге марқұм күйеуі әрқашан жоспарларын айтып жүретінін және ол ән айтып келгенге дейін ұйықтамай күтетінін, әр кез әндерінің демо-нұсқасын жіберетінін жазды.

"Маған түнде кітап оқып беретінсің, ұйықтап кетсем, сен Джек Лондонды әрі қарай оқи беретінсің, ал таңертең не болғанын айтып беретінсің. Сенің айтқаныңның бәрі есімде. Соңғы сөзің "Уәде берсем де, сендермен бірге болуға уақыт таба алмай жатырмын, кешіріңдерші. Мен студиядамын. Уақыт жоқ, жұмыс көп. Босай салысымен уақыт бөлемін" болды. Сен қуанғаннан жарқырап жүрдің. Осы жылға көп жоспарың мен жұмысың болды. Ұшпауың керек еді. Ол сенің жоспарыңда болмаған еді. Әрдайым жоспармен жүріп, оны өзгертпеу керек еді. Сен әрдайым осылай айтушы едің. Ешқашан өтірік сөйлемейтінсің және бетке айтатынсың. Әрқашан "қалай бар - солай қабылдасын" деп айтатынсың. Сен менің қаhарманымсың. (...) Менің жаным. Менің Алтыным", - деп жазды марқұмның әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer